Қазақстан ұлттық құрама командасының экс-қақпашысы 36 жасар Давид Лория «Қайраттың» қосына өтті. Екі жақты келісім шарт бойынша Лория маусым соңына дейін алматылық клуб сапында өнер көрсетеді, деп хабарлайды SportX.kz.
Кезінде «Қайраттың» қақпасын күзеткен қақпашы, содан бері бірнеше клубтардың сапында ойнап үлгерді. Жыл басында «Ақтөбеге» ауысқан Давид Лория, араға уақыт салып алматылықтардың қатарына қосылып отыр.
2000-жылы Қазақстан құрамасына қабылданған Давид Лория, бас команда сапында 45 матч өткізіпті. Бұл қақпашылар арасындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Өкінішке орай 2017-жылы ауыр жарақат алған голкипер ұзақ уақыт футболдан қол үзуге мәжбүр болды.