30 жастағы украйналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко(11-1, 9 КО) ресми түрде WBO тұжырымының екінші салмақ категориясындағы чемпиондық титулынан бас тартты , деп хабарлайды SportX.kz.
Кезінде олимпиада алтынын олжалаған украйналық боксшы , алдағы уақытта тек қана жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетуге шешім қабылдапты. Бір жағынан әрі салмақта жылт еткенше , өзіне ыңғайлы және WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған жеңіл салмақ категориясына тоқтаған сыңайлы.
Ендігі жерде WBO тұжырымының екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі титулдық жекпе-жегі, жапониялық Масаюки Ито (23-1-1, 12 КО) мен пуэрторикалық Кристофер Диас (23-0, 15 КО) арасында өтіп қалуы әбден мүмкін.
WBO тұжырымының осы категория бойынша чемпиондық белбеуін Ломаченко 2016 жылы ұтып алған еді. Сол жекпе-жекте пуэрториколық Роман Мартинесті нокаутқа жіберіп, одан кейін чемпиондық атағын төрт рет қорғап қалды.