«Локомотивті»қуып жету мүмкін болмады (ВИДЕО)
Астананың «Барысы» КХЛ-ның тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті турда Ярославльде жергілікті «Локомотивтен» жеңіліс тапты, деп хабарлайды SportX.kz.
Соңғы турларда ала-құла ойын көрсетіп жүрген астаналық хоккейшілер Ярославльдегі матчта жеңіске бір табан жақын болған. Бірақ жеме-жемге келгенде «Локомотивтің» жолы болды. Кездесудің бірінші бөлігінде 1:1 есебімен таразы басы тең түскен. Алғашқы үзілістен кейін ширақ ойынға кіріскен Президенттік спорт клубының командасы қарсы қақпаны екі рет дәл көздесе, алаң иелері бір шайбамен жауап қайтара алды. Алайда шешуші кезеңге тас түйін болып лшыққан жергілікті хоккейшілер қонақтардың қақпасына жауапсыз үш шайба тоғытып, 5:3 есебісмен жеңісті жұлып алды. .
«Локомотив» (Ярославль) – «Барыс» (Астана) 5:3 (1:1, 1:2, 3:0)
Шайбалар: Аверин 7:54 (1:0), Орехов 23:44 (1:1), Панюков 32:05 (1:2), Фрэттин 32:40 (1:3), Юртайкин 33:56 (2:3), Красковский 43:33 (3:3), Алексеев 46:05 (4:3), Аверин 54:40 (5:3)
Бас демеуші -«Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»