ЛЧ: Мессидің бенефисі

Әйгілі «Камп-Ноу» стадионында «ПСВ Эиндховенді» қабылдаған «Барселона» қонақтардың қақпасына жауапсыз төрт гол тоғытты, деп хабарлайды SportX.kz

70 мыңнан астам көрермен жиналған матчтағы алғашқы голды кездесудің 32-минутында Лионель Месси соқты. Жалпы бүгінгі ойынды Мессидің бенефисі десек те болады. Жасыл алаңда тыным таппаған аргентиналық футбол баһадүрі көрерменін тамаша өнерімен тәнті ете алды. Оның осы ойындағы стандарттан салған алғашқы добы орындалуы жағынан өте кермет шықты. Доғаша иірліген доп қақпаның алыс жоғары бұрышынан табылды.

Кездесудің 74- минутында  Усман Дембеле есепті 2:0 жеткізді. Одан әрі бүгінгі ойынға ерекше ынтамен шыққан Месси қонақтарды тағы екі рет қапы қалдырды. Есеп -4:0.

 

 

Пікір жазыңыз