ЛЧ: «Интер»-«Тоттенхэм» — 2:1

Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғашқы ойындар өтті. «В» тобындағы матчтың бірінде Миланның “Интері” өз алаңында 2:1 есебімен “Тоттенхэмнен”  басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

«Джузеппе Меацца» стадионындағы алғашқы голды қонақтар салып кетті. Кездесудің 53-минутында өз мүмкіндігін епті пайдаланған Кристиан Эриксен «Тоттенхэмді» алға шығарды. Дегенмен шиеленісті өткен бәсекенің қорытындысы алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ойын аяқталуға санаулы минуттар қалғанша 0:1 есебімен жеңіліп жатқан италиялықтар амалын тауып жеңісті жұлып кетті. 86-минутта Мауро Икарди есепті теңестірсе, қосымша уақыт алға жылжыған тұста Матиас Весино соққан доп «Интерге» жеңіс әкелді.

Пікір жазыңыз