ЛЧ: Бүгін футбол тойы жалғасын табады

Бүгін Еуропа чемпиондар лигасында топтық кезеңнің екінші тур ойындары жалғасады, деп хабарлайды SportX.kz. 

Астана уақыты бойынша 22:55 те С тобында ПСЖ (Франция) — «Црвена Звезда» (Сербия) және D тобында «Локомотив» (Ресей) — «Шальке-04» (Германия) кездеседі.

Ал қазанның 3 нен 4 қараған түні сағат 01:00 де қалған ойындар басталады. А- тобы: «Атлетико» (Испания) — «Брюгге» (Бельгия), «Боруссия» Дортмунд (Германия) — «Монако» (Монако). B- тобы: ПСВ (Голландия) — «Интер» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия) — «Барселона» (Испания).  С- тобы: «Наполи» (Италия) — «Ливерпуль» (Англия). D-тобы: «Порту» (Португалия) — «Галатасарай» (Түркия).

 

Пікір жазыңыз