Көпкүндік «Польша туры» мәресіне жақын. Велододаның алтыншы кезеңінде аустриялық Георг Прайдлер (Groupama-FDJ) топ жарды, деп хабарлайды SportX.kz.
Бұл жолы пелотон 129 шақырымдық жарыс жолын артта қалдырды. Жол-жөнекей таулы белестер арқылы өрбіген кезеңде Георг Прайдлер үздік шықса, Эмануэль Бухман (Германия, «Bora-Hansgrohe») екінші, ал жалпы есептің лидері Михайл Квятковский (Польша, «Sky») мәре сызығын үшінші қиды.
«Астана» сапында ең үздік нәтиже көрсеткен ресейлік велошабандоз Сергей Чернецкий алтыншы орыннан табылды.
«Польша Туры». Алтыншы кезең
Zakopane — Bukovina Resort. 129 шақырым
1. Георг Прайдлер (Аустрия, «Groupama-FDJ») — 3:16:01
2. Эмануэль Бухман (Германия, «Bora-Hansgrohe»)
3. Михал Квятковский (Польша, «Sky»)
6. Сергей Чернецкий (Ресей, «Астана»)
19. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») — +0:28
25. Давиде Виллелья (Италия, «Астана»)
Жалпы есеп:
1. Михал Квятковский (Польша, «Sky») — 20:46:23
2. Дилан Тёнс (Бельгия, ВМС) — +0:12
3. Джордж Беннетт (Новая Зеландия, «LottoNL-Jumbo») — +0:20
5. Сергей Чернецкий (Ресей, «Астана») — +0:28
21. Алексей Луценко (Қазақстан, «Астана») — +1:11
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»