Санкт-Петерборда жүлде қоры 1 151 110 долларды құрайтын теннис турнирі жалғасуда, деп хабарлайды SportX.kz.
Қомақты жүлде тігілген жарысқа үкілеп қосқан теннисшіміз Михайл Кукушкин алысқа ұзамай-ақ, жағаға шығып қалды. Бірінші турдан сүрінбей өткен еліміздің үздік теннисшісі екінші айналымда ресейлік Даниил Медведевпен кездесті. Екі сеттегі ойында да жергілікті теннисші басымдық танытты. Есеп -6:3,6:4.
Дәстүрлі турнирдің жеңімпазы 23- қыркүйек күні белгілі болады.