«Ювентустің» португалиялық шабуылшысы Криштиан Роналду жаңа клубы сапында үшінші рет көзге түсті, деп хабарлайды SportX.kz.
Кезекті турдың ойынын сырт алаңда «Фрозинонеге» қарсы өткізген «Юве» көпке дейін қарсы қақпаның кілтін таба алмай дал болды. Алаң иелеріне доп бермеген «Юве» сексен минуттың ішінде қарсы қақпаны отыз рет нысанаға алыпты. Бірақ қанша басымдылық танытқанымен гол соғу арманға айналды. Дәл осындай қиын-қыстау сәтте команданы құтқарған Роналду болды. Айып алаңындағы қарбалас сәттің бірінде допты қағып ала жөнелген Роналду мүлт кетпеді. Жалпы Роналду осы ойында қақпаны он рет нысанаға алса, оның бесеуін дәл бағыттаған. «Ювентус» сапындағы үшінші голын салған португалиялық голеадор, біртіндеп өз ойынын тауып келе жатқандай.
Кездесудің қосымша уақытында қонақтар тағы бір гол салып үлгерді. Бүгінгі матчқа нүкте қойған голды Фредерико Бернардески соқты. Есеп-0:2