Жанкүйерлер «Астана» клубының қыркүйек айындағы үздік футболшысын атады. Дауыс беру нәтижесі бойынша өткен айдың үздік футболшысы атағына клубтың жартылай қорғаушысы Марин Томасов лайық болып шығыпты, деп хабарлайды SportX.kz.
Дауыс бергендердің 43,71 пайызы Марин Томасовты таңдаған. Қақпашы Ненад Эричке дауыс бергендер саны 16,79 пайызды құраған. Күні кеше «Ренн» қақпасына гол салған жас оғлан Бахтиер Зайнутдинов үздік үшітікті түйіндепті.
Дауыс беруге 3585 адам қатысқан
Үздік бестік мынадай:
1.Марин Томасов 43,71%
2.Ненад Эрич 16,79%
3.Бактиер Зайнутдинов 14,59%
4.Педро Энрике 9,9%
5.Дмитрий Шомко 4,46%
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»