Астананың «Барысы» Континенталдық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында сәтті өнер көрсетуде. Кезекті турдың ойынын өз алаңында өткізген астаналық хоккейшілер 3:1 есебімен Риганың «Динамосынан» басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.
«Астана-Аренада» өткен бәсекедегі алғашқы гол кездесудің екінші минутында соғылды. Бұл эпизодта алаң иелерінің шабуылшысы Никита Михайлис көзге түсті. Жерлестерімізге есепті еселеу үшін едәуір тер төгуге тура келді. Кездесудің 40-минуты алға жылжыған тұста астаналық клуб сапындағы канадалық қорғаушы Даррен Дитц таблодағы есепті 2:0 жеткізді. Үшінші кезеңде қарсыластар өзара гол алмасып, Астанадағы матч 3:1 есебімен «Барыстың» жеңісімен аяқталды. Алдымен қазақстандық тәжірибелі хоккейші Роман Старченко есепті 3:1 жеткізсе, бір голмен жауап қайтарған қонақтар сапында швед Линнус Видель мергендік танытты.
Соңғы алты кездесудің бесеуінде жеңіске жеткен «Барыс» турнир кестесіндегі жағдайын едәуір жақсарта түсті.
Бас демеуші — «Самұрық -Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»