Хоккейден континентальдық лиганың (КХЛ) тұрақты чемпионаты аясында кезекті турдың ойындары өтті. Астаналық «Барыс» өз алаңында мәскеулік орталық армияшылар спорт клубының (ЦСКА )хоккейшілерін қабылдады, деп хабарлайды SportX.kz.
Бұған дейін сериялық жеңістерден тұратын матчтар өткізген «Барыс» бұл жолы мүлт кетті. Тартысқа толы бәсекенің негізгі уақыты тең аяқталып, ойын овертаймда жалғасты. Қосымша таймда жолы болған қонақтар Астанадан екі ұпай олжалап қайтты. Есеп — 2:3.
Мәскеулік клубтан Артем Ближиевский,Сергей Андронов,Кирилл Капризов, ал алаң иелері сапында Павел Акользин мен Брэндон Боченски көзге түсті.
«Барыс» 7-қазан күні өз алаңында «Слованды» қабылдайды..
Бас демеуші — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»