Сонымен жуық арада «Барыстың» бас жаттықтырушысы қызметіне беларусь Андрей Скабелка кірісетін болды, деп хабарлайды SportX.kz.
Андрей Скабелка 2017 жылдың соңына дейін омбылық «Авангардтың», ал оның алдында «Сибирь» (Новосибирск) және «Торпедо» (Нижний Новгород) клубтарының бас жаттықтырушысы қызметін атқарған. Хоккейші ретінде Мәскеудің ЦСКА, Минскінің «Динамо», «Тивали» және «Юность» клубтары сапында өнер көрсеткен. Кезінде шаубыл өтінде ойнаған хоккейші 133 матч өткізіп, екі бірдей олимпиадада және 12 рет әлем чемпионаттарына қатысыпты.
Жыл басынан бері «Барыстың» бас жаттықтырушысы міндетін Ғалым Мәметәлиевтің атқарып келгені көпшілікке белгілі. Оның басқаруымен КХЛ аясында тоғыз кездесу өткізген команда, тек үш матчта ғана жеңіске қол жеткізе алды.
Естеріңізге сала кетейік, күні кеше клуб президенті Асқар Шопобаев қызметінен кететінін мәлімдеп, оның орнына Борис Иванищев тағайындалды.
Континенталдық лиганың жаңа маусымы 1- қыркүйекте жалауын көтереді.