Бүгін хоккейден Континенталдық лиганың тұрақты чемпионатында бірнеше кездесулер өтеді. Астанада жергілікті «Барыс» минскілік «Динамоны» қабылдайды, деп хабарлайды SportX.kz.
Астаналық хоккейшілердің бүгінгі матч алдындағы көңіл-күйлері көтеріңікі. Алдыңғы екі турда да жерлестеріміз тамаша ойын өрнегін көрсете алды. Бейсенбі күні Челябіде «Трактордан» 2:4 есебімен жеңіле тұра, жеңісті жұлып кеттік. Осы ұтыстан кейін «Барыс» Шығыс конференцияның турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Артта қалған он жеті кездесудің нәтижесі бойынша 24 ұпай жинап отыр.
Команда сапында айтралықтай өзгеріс жоқ. Шабуылшы Кирилл Панюков жарақытынан айыға қоймаған. Клубтың жас қорғаушысы Валерий Ореховті бүгін ойынның ортасынан көріп қалуымыз әбден мүмкін. Кеше Валерий «Снежные барсы» сапында толық матч өткізді.
Минскілік хоккейшілер Астанаға Новосібірден ұшып келді. Сенбі күні беларусь жігіттері Сібірдің бас қаласында жергілікті «Сибирьден» 0:6 есебімен ойсырай ұтылды. Осы матчты есептегенде «Динамо» қатарынан сегіз рет жеңіліп, әзірге Батыс конференцияда көш соңын алып келеді.
«Барыс» – «Динамо Минск» матчы Астана уақыты бойынша сағат 19:30 басталады.
Бас демеуші-«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»