Киевтегі тең ойын

«Астана» футбол клубы Еуропалық лиганың топтық кезеңіндегі бірінші ойында Киевтің «Динамосымен» тең түсті. Украина астанасында өткен бәсеке 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды SportX.kz.
Киевтегі матчты тамашалауға жиналған футбол сүйер қауым қызықты да тартысты және голдарға бай бо ойынға куә болды. Алғашқы гол көп күттірген жоқ. Кездесудің 11-минутында Виктор Цыганков алаң иелерін алға шығарса, араға он минут салып Марин Аничич есепті теңестіріп кетті. Бұл эпизодта Маринге пас шығарып берген Джуниор Кабананганың ойынын атап кеткеніміз жөн. Бірақ үзіліске санаулы минуттар қалғанда Ненад Эричтің қателігін епті пайдаланған Денис Гармаш «Астананы» сан соқтырып кетті. Осылайша алаң иелері екінші рет алға шығып үлгерді.
Осы голдан кейін тайлы-таяғымен алға ұмтылған жерлестеріміз таблодағы есепті теңестіру үшін аянып қалмады. Ойын тізгінін мықтап қолға алған астаналықтардың таразы басын теңестіретін мүмкіндіктері аз болған жоқ. Бірақ аладоп бірде қйыс кетсе, тағы бірде динамолық қақпашының қолынан табылып жатты. Не керек арпалысқа толлы тоқсан минут та көзді ашып-жұмғанша зу етіп өте шықты. Негізге уақытқа қосылған бес минут та зырылдай жөнелген. Осы тұста жеңіске деген жігерлік таныта білген футболшыларымыз түбі өз дегендеріне жетті. Матчтың соңына таман Григорий Бабаян Марин Томасовты Роман Мұртазаевқа алмастырған. Нәтижесінде соңғы миунттарда алаңға шыққан Мұртазаев әуелеп жеткен допты жақын жерден қақпаға дәл бағыттап, жеңіліп жатқан командасын құтқарып кетті.
Осы К тобындағы екінші матчта франциялық «Ренн» өз алаңында 2:1 есебімен Чехияның «Яблонец» клубынан басым түсті. Келесі турда Григорий Бабаянның шәкірттері өз алаңында  «Реннді» қабылдайды.

Динамо (Киев, Украина) — Астана (Қазақстан) — 2:2 (2:1).

Голдар: Цыганков, 11 (1:0). Аничич, 21 (1:1). Гармаш, 45+2 (2:1). Мұртазаев, 90+5 (2:2).

Ренн (Франция) — Яблонец (Чехия) — 2:1 (1:0).

Голдар: Сарр, 31 (1:0). Травник, 54 (1:1). Бен-Арфа, 90+1 — пенальтиден (2:1)

Пікір жазыңыз