Хорваттар Миланды бетке алды

Миланның «Интері» жақында аяқталған мундиальдың үздік футболшысы хорват Лука Модричтен дәмелі, деп хабарлайды  SportX.kz

«Реалдың» жартылай қорғаушысы келіссөз жүргізуге дайын. Жалпы король клубы қосында үлкен өзгерістер болып жатыр. Команда тізгінін жаңадан келген Хулен Лопетеги ұстаса, ешқашан ешқайда кетпейтіндей көрінетін клубтың бойтұмары Роналду да өз жолын тауып кете барды. Енді кезек Лука Модричке келген сыңайлы.  «Интер» қожайындары хорватиялық футболшыны үлде мен бүлдеге ораймыз деп отыр.

Оның үстіне Миландық клуб сапында  —Иван Перишич, Марсело Брозович және жақында ғана ауысқан Шиме Версалько сынды Хорватия құрамасының белді футболшылары өнер көрсетеді. Ендеше Лука Модрич Миландағы хорваттар қатарынан табылып қалуы әбден мүмкін.

 

Пікір жазыңыз