Әйгілі UFC лигасының жеңіл салмақтағы чемпионы дағыстандық Хабиб Нурмагомедов өзінің өмірбаянын жазып шығыпты. Қаламы жүйрік спортшы «KhabibTime» аталатын өмірбаянын екі жыл жазыпты, деп хабарлайды SportX.kz.
Жай жүрмей, қолына қалам алып кітап жазған сарбазымыз нағыз «сегіз қырлы,бір сырлы» жігіт болып шықты. Өз инстаграмасында Нурмагомедов өмірбаяны жайлы кітапты осыдан екі жыл бұрын Заур Курбановпен бірге бастағанын жазады. Араға екі жыл салып UFC чемпионы атанамын деп ойламағанын және оның бастамасына қарсы болғандар да аз болмағанын алға тартқан.
Чемпионның өмірінен сыр шертетін «KhabibTime» кітабының тұсаукесер рәсімі 26- қараша күні Мәскеудегі «Олимпийский» спорт кешенінде өтеді.