Кеше қолтаңба сұрап, бүгін қол көтерді (ВИДЕО)

Ұлттық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында төбелес жиі болып тұрады. Кезекті турда «Вашингтон» сапында ойнайтын ресейлік шабуылшы Александр Овечкин «Нью-Джерсилік» Майлс Вудпен жаға жартысып қалды, деп хабарлайды SportX.kz.

Ойын барысында орын алған жаппай төбелестен шет қалмаған Овечкин мен Вудс айыздары қанғанша төбелесе алмады.Төбелесті доғарған соң бір-біріне сөз тастаған хоккейшілер өз жөндерімен кете барды.

Ең қызығы хоккейге кеш келген Майкл Вудс осыдан екі жыл бұрын Овечкиннен қолтаңба сұрап алып жүрген. Ал бүгін болса кешегі пір тұтқан хоккейшісімен төбелесетін жағдайға жетіп қалыпты.


 

Пікір жазыңыз