Ай сайын жарық көретін The Ring журналы орташа салмақ дәрежесіндегі ең мықты боксшыны анықтау үшін арнайы сауалнама жүргізген. Түрлі маман иелерінен жасақталған комиссия құрамына 24 сарпашы қатысып, өз пікірлерін ортаға салыпты, деп хабарлайды SportX.kz.
Сонымен қатар комиссия құрамына кезіндегі әйгілі боксшылар Келли Павлик, Джерри Куни, Пол Малиньяджи және Тедди Атлас, Пэт Бернс сынды жаттықтырушылар, журналистер мен телесарапшылар һәм матчмейкерлер еніпті. Спорт сүйер қауымды алдымен бұл тізімдегі боксшылар жұбы қызықтыратын сөзсіз. Не керек мамандар назарына Геннадий Головкин, Сауль Альварес,Деметриус Эндрейд,Дзниэль Джейкобс Билли Джо Сондерс, Сергей Деревянченко және Джермалл Чарло сияқты кіл мықтылар қатысқан жекпе-жектер ұсынылыпты. Нәтижесінде біздің жерлесіміз 120 балл жинап, орташа салмақта ең үздәк боксшы атанса, екінші орынға Сауль Альварес-101,3, ал үшінші орынға Джермалл Чарлоны (80,4) қойыпты.