Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (50-1-2, 34 КО) чемпиондық белбеулерін өз еркімен қорғауға рұқсат берді. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды SportX.kz.
15- қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкин (38−1−1, 34 КО) төрешілер шешімімен мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (50−1−2, 34 КО) ұтылып қалғанды. Осы қарымта матчта жерлесіміз чемпиондық белбеулерінен түгел айырылса, «Канело» бір жекпе-жек шеңберінде WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы атанып шыға келді. Енді кәсіпқой бокстағы танымал ұйымдардың бірі жаңа чемпионға ерекше ілтипат көрсетіп отыр. WBC тұжырымы бойынша оның міндетті қарсыласы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО).
«WBC конвенциясында он жеті салмақ бойынша міндетті жекпе-жектерді қарастыруымыз қажет. шешімін таппай тұрған мәселелер аз емес. Олардың бірі — «Канелоның» орта салмақтағы чемпион ретіндегі болашағы. «Уақытша» чемпион Джермалл Чарлоның «Канеломен» жұдырықтасуға құқы бар. Егер қаласа, Сауль желтоқсан айында осы тұжырым бойынша чемпиондық атағын қорғауға болады. Ал, 2019 жылы-«міндетті», — дейді Маурисио Сулейман.
Мұның алдында WBC президенті Головкиннің «Канеломен» жекпе-жек өткізуді сұрғанын айтқан. «Дегенмен бұл ресмми ақпарат емес, бірақ Головкиннің командасы үшінші жекпе-жектен ниетті»,-дейді WBC президенті
Желтоқсан айында Альварес канадалық Давид Лемьемен (40-4, 34 KO) жұдырықтасуы мүмкін.