Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде жеңілістен көз ашар емес. Петр Пактың командасы кезекті турда Израильден ірі есеппен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды SportX.kz.
Ұтылғанымыз өз алдына, біздің футболшыларға гол соғу арманға айналғанды. Израйльге дейін Швеция мен Словенияға гол салу былай тұрсын хоккейдегідей тым ірі есепен жол бердік. Израйльден де ұтылдық, бірақ мұндағы нәтиже басқаша. Өйткені бір гол болса да салдық. Іріктеу кезеңіндегі алғашқы допты Арайлым Орынбасарова соқты. Үш кездесуде қақпасына 24 гол жіберген қазақстандық футболшылар турнир кестесінде соңғы орында келеді.