Гүзел 52 сатыға жоғарылады

Қазақстандық жас теннисші Гүзел Айнитдинова WTA жаңартылған рейтинг кестесінде бірден 52 сатыға жоғарылады, деп хабарлайды SportX.kz.

Жерлесіміздің салған жерден 52 сатыға жоғарылауы жайдан жай емес. Бұл жас теннисшінің ITF аясындағы жарыстарда қол жеткізген жеңістерінің жемісі. Жаңартылған рейтинг кестеде 437- орынға жайғасқан Айнитдинова, әзірге еліміздің төртінші ракеткасы болып саналады. Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева жаңа кестеде 53-орыннан табылса, екінші нөмірдегі теннисшіміз Зарина Дияс бұл тізімде 63-орында.

Әлемдік рейтингтің үздік ондығы өзгеріске ұшырмаған.

 

Пікір жазыңыз