Грузия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Жамбыл Джигаури «Ордабасы» клубынан кетті. Аты қазақ, өзі грузин футболшы Францияның «Гренобль» клубын таңдапты, деп хабарлайды SportX.kz.
25-жастағы Жамбыл алдағы екі жыл «Гренобль» сапында өнер көрсететін болады. Клуб пен футболшы арасындағы келісім-шарттың мерзімі осындай. Трансферлік сома мен екі жақты келісімге қатысты басқа да мағұлматтар жайлы ештеңе айтылмған. Биылғы жылдың ақпан айында Джигуари «Ақтөбемен» келісім шарт жасасып, соңынан шымкенттік «Ордабасыға» жалға берілген болатын. Осы маусым 13 матч өткізген грузиялық футболшы үш рет мергендік танытыпты.