Гранд-турдың 18 -кезеңінде Максимиллиан Шахман топ жарды

  Көпкүндік мәртебелі  велодода Джиро д’Италия күн санап  өз мәресіне жақындап келеді.196 шақырымды құраған  18 -кезеңінің жарыс жолы,  биіктігі орташа тау сілемдері арқылы өрбіді. Мұндай жол рельефі неміс велошабандозы үшін сәтті аяқталып,Quick-Step Floors клубының өкілі мәре сызығын бірінші кесті , деп хабарлайды SportX.kz.

Ондаған шақырымға созылған белестерді басып өткен велошабандоздарды  көмбе алдында бірінші категориялы асу күтіп тұрды. Айта кетейік, биылғы Джирода  бірінші рет  ә дегеннен  суырылып алға шығып кеткен топ , түбі пелотонға қарасын көрсетпей кете барды. Олардың арасынан жолы болған неміс шабандозы бірінші орынды иеленді. Жеңімпазға 0,10 сек ұтылған Рубен Пласа (Испания, Israel Cycling Academy) екінші , ал  Маттиа Каттанео (Италия, Androni – Sidermec – Bottecchia) үздік үштікті түйіндеді. «Астананың» намысын жыртып жүрген  колумбиялық шабандоз  Мигель Анхель Лопес 11- орынды қанағат қылды.

«Джиро д’Италия»

18-кезең

Аббиатеграссо – Прато Невозо

196 км

Профиль/Карта 

1. Максимиллиан Шахман (Германия, Quick-Step Floors) – 4.55,42
2. Рубен Пласа (Испания, Israel Cycling Academy) – 0,10
3. Маттиа Каттанео (Италия, Androni – Sidermec – Bottecchia) – 0,16
4. Кристоф Пфингстен (Германия, BORA – hansgrohe) – 1,10
5. Марко Маркато (Италия, UAE-Team Emirates) – 1,26
6. Микаэль Меркев (Дания, Quick-Step Floors) – 1,36
………
11. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 10,48
12. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrain Merida) – 11,03
13. Том Дюмолен (Голландия, Sunweb) – то же время
14. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky)…
16. Патрик Конрад (Дания, Bora-Hansgrohe) – 11,23
17. Пейо Бильбао (Испания, «Астана»)

Жалпы есеп

1. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) – 75.06,24
2. Том Дюмолен (Голландия, Sunweb) – 0,28
3. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrain Merida) – 2,43
4. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) – 3,22
5. Тибо Пино (Франция, FDJ) – 4,24
6. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 4,54
7. Роан Деннис (Аустралия, BMC) – 5,09
8. Пейо Бильбао (Испания, «Астана») – 5,54
9. Ричард Карапас (Эквадор, Movistar) – 5,59
10. Патрик Конрад (Дания, Bora-Hansgrohe) – 7,05

Бүгін  велошабандоздар биылғы Джиродағы ең биік асуды (Чима Коппи Колле делле Финестре)  бағындыратын болады.

 

Пікір жазыңыз