Головкиннің жолын тосып жүргендер көп

Британиялық таблойд Mirror үнемі оқиғалардың алдында жүреді.  Әйгілі таблойд WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (38-0-1, 34 КО) бес қарсылас тауып қойыпты, деп хабарлайды SportX.kz.

Таблойдтың айтып отырғаны мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) болатын қарымта матчтан кейінгі болжам.

Головкин мен Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек алдағы сенбі күні Лас-Вегастағы T-Mobile (Невада штаты, АҚШ) аренада өтеді. Осы күні жерлесіміз өзінің чемпиондық белбеулерін түгел бәсекеге тігеді.

Сонымен Головкин мен Альварес арасындағы кездесуден кейін қазақстандық боксшыға кімдер қарсы шығуы мүмкін. Таблойд ұсынған бес вариант мынадай:

  1. Давид-Лемье — Гэри «Спайк» О’Салливан арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы. Бұл бәсеке Головкин-Альварес андеркартасында өтеді.
  2. Дэниэл Джейкобс — Сергей Деревянченко. Қай жеңгені Головкинге қарсылас бола алады.
  3. Мартин Мюррей. Мартин Головкиннен ұтылып, осы күнге дейін қарымта матч күтіп жүрген боксшылардың бірі.
  4. Билли Джо Сондерс—  Деметриус Андраде. Жеңіске жеткені Головкинмен жұдырықтасып қалуы мүмкін.
  5. Джермалл Чарло —  WBC тұжырымының  орта салмақтағы уақытша чемпионы және  Головкинмен кездесетін міндетті үміткер.

Пікір жазыңыз