Головкин -Альварес өзара мықтыны анықтамай жатып, олардың қай жеңгенімен жұдырықтасатын боксшылар белгілі, деп хабарлайды SportX.kz.
Әлемнің экс-чемпионы канадалық Давид Лемье (39-4, 33 KO) мен ирландиялық Гэри О’Салливан (28-2, 20 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы Головкинге тиесілі WBA белбеуіне міндетті үміткер болып табылады. Бұл олардың қай жеңгені Головкинмен кездеседі деген сөз емес. Мәселе, Головкин-Альварес арасындағы қарымта матчтың нәтижесіне байланысты болып тұр. Егер алдағы жексенбіде жерлесіміздің жолы болып жатса, онда жоғары да аталған жұптың жеңімпазы Головкинмен кездеседі. Егер жеңіліп қалса, оның орнын Альварес басады. Дегенмен кмінің кіммен кездесетінін бір күннің ішінде білетін боламыз. Өйткені Давид-Лемье -Гэри «Спайк» О’Салливан арасындағы жекпе-жек, Головкин-Альварес андеркартасында яғни жексенбідегі бокс кешінде өтеді.
Осы күні жерлесіміз өзінің чемпиондық белбеулерін түгел бәсекеге тігеді. Лас Вегастағы T-Mobile аренада өтетін бокс кешінің орталық матчы Қазақстан уақыты бойынша алдағы жексенбі күні шамамен сағат 08:00 бен 08:30 арасында көрсетіледі.