Головкин шынымен нөмірі бірінші боксшы ма?

Ай сайын жарық көретін The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшыны анықтау үшін арнайы сауалнама жүргізген. Әлемге әйгілі боксшы Оскар де ла Хойя басқаратын Golden Boy Promotions компаниясына қарасты журнал жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша бірінші орынды Геннадий Головкин иеленіпті, деп хабарлайды SportX.kz.

Жаңа рейтигнг көшін қазақстандық бастаса, украйналық Василий Ломаченко екінші, ал америкалық Теренс Кроуфорд үздік үштікті түйіндеген.

The Ring журналының жаңа рейтинг кестесіндегі үздік он спортшы:

1 (1). Геннадий Головкин (Қазақстан)
2 (2). Василий Ломаченко (Украина)
3 (3). Теренс Кроуфорд (АҚШ)
4 (4). Александр Усик (Украина)
5 (5). Майки Гарсия (АҚШ)
6 (6). Наоя Иноуэ (Жапония)
7 (7). Срисакет Сор Рунгвисаи (Тайланд)
8 (8). Эррол Спенс (АҚШ)
9 (10). Донни Ньетес (Филиппин)
10 (-). Лео Санта Круз (Мексика).

Осыдан бір ай бұрын The Ring орташа салмақ дәрежесіндегі ең үздік боксшылар тізімін жариялаған. Түрлі маман иелерінен жасақталған комиссия құрамына 24 сарапашы қатысып,  өз пікірлерін ортаға салған болатын. Нәтижесінде жерлесіміз Геннадий Головкин 120 балл жинап, орташа салмақта ең үздік боксшы атанса, Сауль Альварес екінші (101,3), ал үшінші орыннан Джермалл Чарло (80,4) табылған еді.

 

Пікір жазыңыз