Головкин-Мартиросян жекпе-жегі андеркартасында  қазақстандық боксшы өнер көрсетеді 

Жерлесіміз Генадий Головкин мен америкалық тегі армян Ванес Мартиросян арасындағы бокс кеші аясында, тағы бір қазақ боксшысы өз өнерін ортаға салады.  Мұндай мәртебеге бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген отандасымыз Руслан Мәдиев ие болып отыр, деп хабарлайды Boxrec.com сілтеме жасаған sportx.kz

25 жастағы жерлесіміз 5 мамыр күні мая әйгілі StubHub Center  аренада  (Калифорния штаты, АҚШ)  мексикалық бокс майталманы Хесус Переспен қолғап түйістіреді.Бұған дейін кәсіпқой бокста 12 кездесу өткізген Руслан Мәдиев оның 11 жеңіске жетіп, бес кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал қарсыласының бұл тұрғыдағы  көрсеткіші, әлдеқайда жоғары. Мексикалық былғары қолғап шебері шаршы алаңда 21 кездесу өткізіп, оның бәрінде мерейі үстем болған. Мұнымен қоймай он екі жекпе-жекте  қарсылас шыдатпай таза ұтқан.

 

 

 

Пікір жазыңыз