Мәскеудегі «Олимпиский» спорт кешенінде ресейлік Мурат Гассиев (26-0, 19 КО) пен украйналық Александр Усик (14-0, 11 КО) Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) бірінші ауыр салмақтағы абсолюттік чемпиондық атағын сарапқа салды, деп хабарлайды SportX.kz.
Қазіргі күні Ресей мен Украйнаның арасы мәз емес. Оны өздеріңізде жақсы білесіздер. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мәскеу төрінде кіші Кличко мен Александр Поветкин кездесіп, бұл бәсекеде украйналық боксшы ұпай санымен айқын жеңіске жетіп еді. Усик пен Гассиев арасындағы кездесу де дәл солай аяқталды. Шаршы алаңда ойнақ салған Усик, қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырмай, белгіленген он екі раундқа созылған матч, ұпай санымен украйналық жігіттің пайдасына шешілді. Саясатты қайдам, ал кәсіпқой бокстан Украйнаның жолы болып тұр.