Қазақ дзюдошылары алдағы демалыс күндері Беларусь астанасы Минскіде өтетін Еуропаның ашық чемпионатына қатысады, деп хабарлайды SportX.kz.
Кәрі құрлықтағы жарыста 41 елден 500 таяу балуандар бақ сынауға ниет білдіріпті. Қазақстанның өзінен 29 дзюдошы аттанғалы отыр. Олардың арасында 18- тамыз күні жалауын көтеретін Азиада төрінде ел намысын қорғайтын Отгонцэцэг Галбадрах бар. Осыған қарағанда олимпиадалық ойындардың жүлдегері жазғы Азиада алдында бой жазып алғанды жөн көрген секілді. Отгонцэцэ асықпаса да болады. Өйткені Азия ойындарындағы дзюдошылар жарысы тамыздың 29 мен 1-қыркүйек аралығында өтеді.
Еуропаға аттанған Қазақстан құрамасы сапы: Ерлер— Қанат Сейілхан (60 келі), Ержан Еренғайыпов (60 келі), Рамазан Мамаев (60 келі), Қайрат Ағыбаев (66 келі), Есет Қуанов (66 келі),Мадияр Сембаев (73 келі),Ақылбек Серік (73 келі), Руслан Мұсаев (81 келі), Бейбіт Мәдиев (81 келі), Дәулетхан Жақыпов (90 келі), Алмас Ақырашев (90 келі), Әзиз Қалқаманұлы (90 келі), Арман Ерғалиев 90 келі), Әділхан Қозыбаев (-100 келі), Айбек Серікбаев (-100 келі),Жасұлан Мұқаметханов (-100 келі), темірлан Көлбай (+100 келі), Талғат Әміренов (+100 келі). Әйелдер — Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі), Айгерім Төреғожина (48 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Анна Козюлина (57 келі), Екатерина Токарева (-70 келі), Ажар Салықова (-70 келі), Арайлым Шегенова (-78 келі), Кәмила Берликаш (+78 келі) және Саида Қапсалықова (+78 келі).