Галбадрах Отгонцэцэг — қола жүлдегер!

Дзюдо күресінен Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Әйелдер долдасында ел атынан сынға түскен балуанымыз Галбадрах Отгонцэцэг (-48 келі) әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды SportX.kz.

Бұл салмақта он жеті жасар украйналық дзюдо күресінің шебері Дарья Белодед топ жарды. Ақтық сында Дарья Белодед жапон балуаны Фуна Тонакиді иппон әдісімен таза ұтты.Талабы таудай жас түлек финалға дейін Дистрия Красники (Косово), Яо Сион (Қытай) және жерлесіміз Галбадрах Отгонцэцэг сынды тәжірибелі балуандардың алдын орап кетті. Дегенмен үшінші орын үшін болған бәсекеде қарсыласынан басым түскен Галбадрах ел қоржынына қола медаль салып берді.

60 келі тартатын ерлер арасындағы белдесулердің нәтижесінде жапониялық Наохиса Такато үздік шықты. Күншығыс елінің майталманы финалдық сында ұпай санымен ресейлік Роберт Мшвидобадзеден алда болды. Роберт күмісті місе қылса, жапониялық Рбдзю Нагаяма мен грузиялық Амиран Папинашвили тұғырдың үшінші сатысына көтерілді. Осы салмақта күрескен ұлттық құрамамыздың балуаны Ғұсман Қырғызбаев өкінішке орай жүлдесіз қалды.

Жалпы Бакудегі дүбірлі додада 129 мемлекеттен 800 тарта балуандар бақ сынасуда. Бүгін тағы екі салмақ дәрежесі бойынша (ерлер — 66-келі және әйелдер -52 келі) жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болады

Пікір жазыңыз