Ғафур ака, АИБА президенті болуға лайық емес

Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) этика жөніндегі комиссия төрағасы Пакеретт Жирар Заппелли, АИБА президенті Ғафур Рахимовтан орнын босатуды талап етті, деп хабарлайды SportX.kz.

Inside the Game басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, Пакеретт Жирар Заппелли, егер Рахимов АИБА (Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының) президенттігіне өзін ұсынған жағдайда бокстың Токио олимпиадасы бағдарламасынан алынып тастау қаупі арта түсетінін мәлімдеген.

Танымал басылым үстіміздегі жылдың ақпанында АҚШ -тың Қаржы Министрілігі Ақ үйдің тікелей тапсырысы бойынша посткеңестік трансұлттық қылмыстық топқа санкция енгізгенін атап өтеді. Бұл тізімде қаңтар айында АИБА уақытша президенті болып тағайындалған Ғафур Рахимов та бар.

Осыған байланысты ХОК этика жөніндегі комиссия төрағасы Заппелли, Рахимовтың сайлауға түсуіне мүлдем қарсы екенін білдірді.

 

Пікір жазыңыз