Футзал: Матч сайын сегіз гол

Бұл күндері Украйнаның Черкассы қаласында футзалдан Еуропаның тұңғыш чемпионаты аясында негізгі раундтың ойындары өтуде, деп хабарлайды SportX.kz.

Черкассы қаласында жалауын желбіреткен тұңғыш чемпионаттың негізгі раундында он алты елдің ұлттық құрамалары өнер көрсетуде. Олар төрт топқа бөлінген. Өз тобында бірінші орын алғандары Еуропа чемпионатының ақтық кезеңіне жолдама алады. Қазақстан , Венгрия, Украйна және Беларусь құрамалары бір топты құрап отыр.

Бұрымды футболшыларымыз салған жерден ірі есеппен Беларусь құрамасына есе жіберді. Ойын-нөтижесі- 0:8.

Екінші матчта да жолымыз болмады. Венгриялық құрбыларымен күш байқасқан сұлуларымыз тағы да ойсырай ұтылды. Бұл жолы да қақпамызға сегіз доп жіберіп алдық. Алғашқы ойыннан бір ғана  айырмашылық, гол салмай кетпедік. Есеп-8:4

Қатарынан екі рет ұтылған Қазақстан құрамасы өз тобындағы соңғы матчты 15- қыркүйекте Украйнамен өткізеді. . 

Венгрия — Қазақстан 8:4 (3:2)
Голы:
 Қаражанова 14, Қырғызбаева 31, Сәдуақасова 33 — Сабо 1 (автогол), 28, Ч. Кращенич 11, 24, Цепреги 18, Кота 13 (пенальти), 36, 40, Галь 29
Ескерту: Қаражанова 25, Құбайбергенова 28, Варга 33
Ойыннан қуылу: Турлыбекова 13
Венгрия: Варга (гк), Б. Сабо, Галь, Ч. Кращенич, Гельб, Наги (гк), Шипош, Медьери, Фулоп, Цепреги, Кола, Варга (к)

Қазақстан: Әйтекова (гк), Қаражанова, Огай, Сәдуақасова, Құбайбергенова, Бурдакова (гк), Тұрлыбекова, Власова, Қырғызбаева, Koмaрова, Шарапиденова, Кәрібаева (к)

Төрешілер: Валентин Чупля (Уэльс), Стефан Врейенс (Бельгия), Никола Манцьоне (Италия)
13.09.2018 г. Черкассы. «Будивельник» СК

 

 

Пікір жазыңыз