Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды SportX.kz.
Үнемі өзара салғыласып жүретін ескі қарсыластар арасындағы жолдастық матч 23- қыркүйекте Бакуде өтеді. Екі құрама үшін де Бакудегі кездесу жауапты жарыстар алдындағы дайындық кезеңінің бірі болып табылатыны анық. Жолдастық матч Әзербайжан астанасының Орталық спорт сарайында өтеді. Басталу уақыты 16:00.