Футзал. Алматылықтар Косовода қырғын салды

Косово астанасы Приштинада футзалдан Еуропа чемпиондар лигасының негізгі раунды өтіп жатыр. 4-топтан табылған алматылық «Қайрат» алғашқы кездесуде ірі есеппен жергілікті «Феникстен» басым түсті, деп хабарлайды SportX.kz.

Кездесудің фавориті саналған алматылықтар бірден ширақ қимылдап үзіліске дейін таблодағы есепте 2:5 есебімен алға шығып үлгерді. Матч барысын бақылауда ұстаған «Қайрат» ойын соңына дейін алаң иелерін тағы екі рет қапы қалдырды. Команданың бразилиялық легионері Тайнан да Сильва бүгінгі ойында төрт гол соғып көзге түссе, Песс Перейра, Джон Леннон және Дос Сантос сынды есімдері айғайлап тұрған футболшылар командалық жеңіске өз үлестерін қосты. Есеп-3:7.

Каканың шәкірттері бүгін осы топтың фавориті португалиялық «Спортингпен» күш сынасады. Жалпы 4-топта «Қайрат» (Қазақстан), «Спортинг» (Португалия),»Лида» (Беларусь) және «Феникс» (Косово)  өнер көрсетуде.

 

 

 

Пікір жазыңыз