Екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін әлем чемпионы фин Ева Вальстремммен өткізіп қалуы мүмкін. Алдын-ала жасалған келісім бойынша чемпиондардың бәсекесі 1-желтоқсанға жоспарланған, деп хабарлайды SportX.kz
Боксшылардың менеджерлері әзірге осындай келісімге қол жеткізіп отыр. Кездесудің нақты мерзімі алдағы бір-екі аптаның ішінде белгілі болады. Бұл жекпе-жекте Ева Вальстремнің WBC версиясы бойынша жартылай жеңіл салмақтағы қос белбеуі және IBO чемпионы Шәріпованың белбеуі сарапқа салынады.
8- қыркүйек күні өткен Шәріпова- Куценко арасындағы жекпе-жекті тамашалауға арнайы келген Вальстрем, матч соңынан рингке шығып болашақ қарсыласымен көз атысқан болатын.
Кәсіпқой боксқа 2010 жылы ден қойған Ева Вальстрем сегіз жыл ішінде 22 кездесу өткзііп, оның тек бірінде ғана тең түскен. Ал қалған 21 жекпе-жекте қарсыластарынан алда болған.
Ева Вальстремнің әуесқой бокстағы жетістігі өз алдына бір төбе. Ева – Еуропа чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері және Финляндияның 10 дүркін чемпионы. Әуесқой бокстан фин былғары қолғап шебрлері арасында мұндай жетістікке қол жеткізген бір де бір боксшы жоқ.