ФИФА тағайындаған жүлдеден он футболшы үміткер

Халықаралық футбол одақтары қауымдастығы 2018 жылдың ең үздік футболшысына табысталатын «The Best» жүлдесінен үміткер 10 футболшының тізімін жария етті, деп хабарлайды SportX.kz.

Тізіміге ілінген үздік ондықтың қатарынан әлемдегі ең қымбат футболшылардың бірі, бразилиялық дарабоз Неймар мырзаға орын бұйырмапты.

Сонымен ФИФА-ның сенімді өкілдері Дидье Дрогба,  Кака, Фабио Капелло, Фрэнк Лэмпард, Лотар Матеус, Алессандро Неста, Роналдо және басқа да танымал спорт мамандары таңдаған үздік ондықпен таныс болыңыздар.

Олардың таңдауы — Эден Азар Эден Азар (Бельгия.»Челси»), Кевин де Брюйне (Бельгия, «Манчестер Сити»), Рафаэль Варан (Франция, «Реал»), Антуан Гризманн (Франция, «Атлетико»), Килиан Мбаппе (Франция, ПСЖ), Харри Кейн (Англия, «Тоттенхэм»), Лука Модрич (Хорватия, «Реал»),  Мұхаммед Салах (Египет, «Ливерпуль»), Криштиану Роналду (Португалия,»Ювентус») және  Лионель Месси (Аргентина,»Барселона») сынды футбол баһадүрлеріне түсіпті.

«The Best» жүлдесінің иегерін анықтау мақсатында жүргізілетін сауалнамаға ФИФА -ға мүше елдердің жаттықтырушылары мен капитандары, журналистер мен жанкүйерлер қатысады. Футболшылар ұйымның ресми сайты арқылы 10-тамызға дейін дауыс бере алады. Мәртебелі жүлденің иегерін марапаттау рәсімі 24-қыркүйек күні Лондонда өтеді.

Пікір жазыңыз