«Ертіс» есе жіберді

Еуролигаға үкілеп қосқан тағы бір клубымыз «Ертіс» алысқа шаба алмады. Павлодарлықтар екі кездесу нәтижесі бойынша литвалық «Тракай» клубына жол берді, деп хабарлайды  SportX.kz.

Ойрат Садуов шәкірттері Вильнюсте алаң иелерімен тең түскенде, қарымта матчтан нәтиже шығып қалар деген үмітіміз болған. Бірақ үмітіміз ақталмады. Сырт алаңда жеңілмеген жерлестеріміз өз жанкүйерлері алдында 0:1 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды. «Ертісті» сан соқтырып кеткен жалғыз гол Свяюнас Чижастың еншісінде.

«Ертіс» (Қазақстан) – «Тракай» (Литва) – 0:1

Гол: Чижас 19.

 

Пікір жазыңыз