Еншімізде-тоғыз медаль

Польшаның Глинице қаласында әйелдер арасында бокстан халықаралық турнир өтіп жатыр. Кезекті жарыс күні қазақстандық боксшылар үшін сәтті өтті, деп хабарлайды  SportX.kz

Осы күні бес бірдей өкіліміз дәстүрлі доданың жартылай финалынан орын алса, тағы үшеуі ақтық сынға өтіп отыр. 48 келіде бақ сынаған Айгерім Қасенова жартылай сында франциялық Мари Коннанды ұтты. Айгерім алдағы финалдық жекпе-жекте әлемнің бес дүркін чемпионы үнділік Мэри Коммен күш байқасады.

Жартылай сында үндістандық Рита Гревалды қапы қалдырған Жайна Шекербекова (51 келі)  ақтық бәсекеде жергілікті боксшы Сандра Дарибикпен кездеседі. Бұдан бұрын өткен жартылай финалдың бірінде Ләззат Күнгейбаева .(+81 келі) поляк қызы Сильвия Кусякты 5:0 есебімен ұтып, финалда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған еді. Енді Ләззат алтын жүлде үшін ресейлік құрбысы Кристина Ткачевамен сынға түседі.

Сондай — ақ Мадина Нұршаева (64 келі), Милана Сафронова (64 келі), Карина Ибрагимова (60 келі), Владислава Кухта (57 келі) және Фәриза Шолтай (81 келі)сынды шеберлеріміз.алтын жүлдеге таласатын болады. Әзірге еншіміздегі толыққанды медаль Дариға Шәкімоваға тиесілі. Жартылай финалда ресейлік боксшыға есе жіберген Дариға дәстүрлі жарыстың қола жүлдесін иеленді.

 

Пікір жазыңыз