Мәнерлеп сырғанаудан беткеұстар шеберіміз Элизабет Тұрсынбаеваны алдағы демалыс күндері Мәскеуде өтетін Гран-Придің»ортасынан көретін боламыз, деп хабарлайды SportX.kz.
ISU (Халықаралық конькишілер одағы) аясындағы Гран-Придің Ресейдегі кезеңі осымен он жетінші рет өткізілмек. «Ростелеком» кубогы жолындағы Гран-При кезеңінде ISU рейтингі бойынша әлемнің үздік шеберлері сынға түседі. Үш күнге жалғасатын жарыс көрігін Алина Загитова, Вакаба Хигучи, Грейси Голд, Юра Мацуда сынды шеберлер қыздыратын болады. Олардың ортасына қазақтың талдырмаш қызы Элизабет Тұрсынбаеваны да қосып қоялық. да бар. Осы жылдан бастап ресейлік белгілі жаттықтырушы Этери Тутберидзенің командасына ауысқан Элизабет, жаңа бапкерімен бірге Skate Canada турнирінде үздік алтылықтың қатарынан көріне алды.