Экс-ресейлік теннисшіміз жеңіліп қалды

19-жасар қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Лючжоу қаласында өтіп жатқан ITF сериясы аясындағы жарыстың ортасынана шығып қалды, деп хабарлайды SportX.kz.
Жүлде қоры 60 000$ құрайтын турнирдің бірінші айналымында экс-ресейлік «жаңа қазағымыз» 6:2, 4:6, 6:0 есебімен корей теннисшісі Чхой Чи Хеннен алда болған. Бірақ келесі матчта жерлесіміз 22- жасар қытайлық Ю Сяодиге есе жіберді. Мұндағы ойын нәтижесі — 7:6 (7:1), 6:4. Кезіндегі ресейлік әйгілі теннисші Евегний Кафельниковтің назарына ілігіп, болашағынан зор үміт күттіретін спортшы ретінде танылған Елена, өкінішке орай ересектер додасында алысқа шаба алмай келеді.

 

 

Пікір жазыңыз