Дзюдошылар Ташкентте жолығады

Дзюдодан Ташкентте өтетін Гран- приде Қазақстаннан 21 балуан бақ сынайды, деп хабарлайды  SportX.kz.

Өзбектің бас шаһарындағы жарыста 48 мемлекеттен ұзын-саны 383 дзюдошы өнер көрсетеді. Өзбекстан құрамасы өз еліндегі турнирге 56 үміткер қосатын болса, Ресейдің атынан 25 балуан қатыспақ.

Қазақстан әйелдер құрамасы:  Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі), Салтанат Сұлтанбекова (48 келі), Севара Нышанбаева (57 келі), Анна Козюлина (57 келі), Иоланта Бердібекова (63 келі), Аэлита Щербакова (70 келі), Ажар Салықова (70 келі), Зарина Райфова (78 келі).

Қазақстанның ерлер құрама командасы:: Бауыржан Жауынтаев (60 келі), Ерлан Серікжанов (66 келі), Гумар Қырғызбаев (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келқ), Ақылбек Серік (73 келі), Дидар Хамза (81 келі), Қажымұқан Өтеулиев (81 келі), Ислам Бозбаев (90 келі), Азиз Қалқаманұлы (90 келі), Әділхан Қозыбаев (100 келі), Айбек Серікбаев (100 келі), Ерасыл Қажыбаев(+100 кг), Ғалымжан Қырықбай (+100 кг).

Ташкенттегі дәстүрлі жарыс қарашаның 9- 11 аралығында өтеді.

 

Пікір жазыңыз