Дзюдо: Қоладан кенде емеспіз, ал алтын медаль аздау

 Шолпан -Ата қаласында (Қырғызстан) жас өрендер арасында дзюдодан Азия кубогының кезеңі өтуде. Әзірге еліміздің қоржынында қос алтын және жеті қола бар, деп хабарлайды SportX.kz

Жарыс шымылдығы ашылған күні татамиде ойнақ салған Қайыржан Жүнісбек (50 келі) пен Алмас Уәли (66 келі) тұғыр төріне көтерілді. Финалдық белдесулерге бір табан жетпей сүрінген Аслан Лес (50 келі), Махамбет Рахмет (60 келі ), Нұрқанат Серікбаева (50 келі), Данияр Шамшаев (66 келі), Диана Бүркеева (44 келі), Аяулым Қуанышева (52 келі) және Таңсұлу Тілеуберген (48 келі) кубок жолындағы кезеңнің қола жүлдегерлері атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы әзірге екінші орында келеді. Көшті Өзбекстан құрамасы бастап тұр (2 — 3 — 2). Ыстық көл жағалауында бас қосқан 13 елдің дзюдошылары 32 медальдар жиынтығын сарапқа салады.

 

Пікір жазыңыз