Британиялық Энтони Джошуа мен ресейлік Александр Поветкин арасында қарымта матч өтпейді, деп хабарлайды SportX.kz.
Келісім шарт бойынша Александр Поветкин мен Энтони Джошуа өзара қарымта кездесу өткізбейді. Келісім шартта ресейлік боксшы ұтқан жағдайда ғана қарымта бәсеке өткізілетіні жайлы көрсетілген. Өздеріңіз білетіндей екі боксшы арасындағы титулдық матч кездесудің жетінші раундында британиялықтың таза жеңісімен аяқталды. Нәтижесінде Джошуа WBA Super, WBO, IBF және IBO версиялары бойынша өзінің ауыр салмақ дәрежесіндегі чемпиондық титулдарын сақтап қалды.