Джиу-джитсудан бізден өтетін ешкім жоқ 

Ақтаудағы «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде джиу-джитсудан Азия чемпионаты жалауын түсірді, деп хабарлайды SportX.kz.

20 елден 400 жуық үміткерлер қатысқан байрақты додада қазақ елінің шеберлері үздік шықты. Джиу-джитсу-жапон халқының ең көне жекпе-жегі болып саналады. Елімізде бірінші рет өткізілген Азия чемпионатында, үміткерлер джиу-джитсу өнерінің төрт тармағы яғни JJIF ережесіне сәйкес файтинг, не-ваза, дуо және толық қолданбалы жүйесі бойынша өзара мықтыларды анықтады.

Жазғы Азия ойындарының соңғы ұпайлары сарапқа түскен жарыс нәтижесі көңілімізден шықты. Өзгелерге дес бермеген жерлестеріміз ел қоржынына — 14алтын, 24 күміс және 23 қола медаль салып берді. Командалық екінші орынды тай елінің шеберлері иеленсе, үздік үштікті Түрікменстан құрамасы түйіндеді. Осы бетінен қайтпаса,еліміздің құрамасы Джакартада өтетін алдағы жазғы Азия ойындарында да намысты қолдан бермесі анық.

 

 

 

Пікір жазыңыз