«Джиро д`Италияның» екінші кезеңінде  Элиа Вивьяни үздік шықты

 Жарыс жолын Хайфадан бастаған велошабандоздар  Тель-Авивті бетке алды.  Қашықтығы  167- шақырымды құраған екінші кезеңнің бас бәйгесін италиялық шабандоз Элиа Вивьяни (Quick-Step Floors) еншілеп кетті.Оның отандасы Якоб Маречко (Wilier Triestina — Selle Italia) мәре сызығын екінші қиса, ирландиялық Сэм Беннет (Bora-hansgrohe) үздік үштікті түйіндеді, деп хабарлайды SportX.kz.

Астаналық велошабандоздар әзірге асығар емес. Бүгінгі кезеңнің қорытындысы бойынша  ең үздік нәтиже көрсеткен  Танел Кангерт,  бұл тізімде  қырық тоғызыншы орыннан табылды.Жалпы есепке келсек, көш тізгінін аустралиялық Рохан Деннис (BMC Racing Team) ұстады.Одан  бары-жоғы 0,01секундқа қалып тұрған голландиялық Том Дюмулен (Team Sunweb) генералдық тізімде екінші, ал «Астананың» өкілі  Пельо Бильбао алтыншы орында келеді. Осы кезеңнің  қорытындысы бойынша командалық есепте KATUSHA-Alpecin көш бастап тұр. Біздің «Астана» 20- сатыдан көрінді.

229 шақырымды құрайтын 3-кезеңнің жарыс жолы Беэр Шева- Эйлат бағыты бойынша өрбиді.

 

Пікір жазыңыз