Джиро д’Италия: Британиялық велошабандоз Саймон Йейтс ерлеп тұр

 

Көпкүндік супервелодода «Джиро д’Италияның» 15-кезеңінде британиялық шабандоз Саймон Йейтс (Mitchelton-Scott) топ жарды, деп хабарлайды SportX.kz

Бұл күні пелотон Тольмедзо-Саппада арасын жалғаған 176 шақырымдық жарыс жолын артқа тастады.Қалың топтың ішінен суырылып мәреге бірінші жеткен Саймон Йейтс, жарыс жолын 4,37,56 еңсерді.Мәре сызығын екінші қиған  «Астана» сапындағы  колумбиялық шабандоз Мигель Анхель Лопес жеңімпазға 0,41 ұтылды.Мәртебелі веложарыстың былтырғы жеңімпазы голландиялық Том Дюмолен (Sunweb)  үздік үштікті түйіндеді.

Осы жеңістен кейін генералдық кестедегі жағдайын жақсарта түскен Саймон Йейтс, ізін басып келе жатқан Том Дюмоленді 2,11 секундқа артқа тастады.

«Джиро д’Италия»

15-й этап

Тольмедзо – Саппада, Италия

176 шақырым

Профиль/Карта

1. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) – 4.37,56
2. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 0,41
3. Том Дюмолен (Голландия, Sunweb)
4. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrain Merida)
5. Ричард Карапас (Эквадор, Movistar)
6. Тибо Пино (Франция, FDJ)
7. Александр Женье (Франция, AG2R La Mondiale) – 1,20
8. Давиде Формоло (Италия, BORA – hansgrohe)
9. Пейо Бильбао (Испания, «Астана»)
10. Сэм Оомен (Голландия, Sunweb)…

Жалпы есеп

1. Саймон Йейтс (Ұлыбритания, Mitchelton-Scott) – 65.57,37
2. Том Дюмолен (Голландия, Sunweb) – 2,11
3. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrain Merida) – 2,28
4. Тибо Пино (Франция, FDJ) – 2,37
5. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 4,27
6. Ричард Карапас (Эквадор, Movistar) – 4,47
7. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) – 4,52
8. Джордж Беннетт (Жаңа Зеландия, LottoNL-Jumbo) – 5,34
9. Пейо Бильбао (Испания, «Астана») – 5,59….

Бүгін демалыс алған велошабандоздар 22-мамыр күні  жекелей жарыстан сынға түседі.

 

Пікір жазыңыз