«Джиро д’Италия-2018»: Гранд-турдың 17-кезеңінде италиялық Элия Вивиани үздік шықты

Рива-дель-Гарда  қалашығынан басталған 17- кезеңнің жарыс жолы Ломабардия аймағындағы Изео көлінің оңтүстік жағасында орналасқан және осы көлдің атымен аталатын Изео қаласында мәресіне жетті. 155 шақырымды құраған кезеңнің бас бәйгесін Элиа Вивиани (Италия, «Quick-Step Floors»)  олжалады, деп хабарлайды        SportX.kz.

Италиялық велошабандоз жарыс жолын 3:19:57сек  еңсерсе, Сэм Беннетт (Ирландия, «Bora-Hansgrohe») мәре сызығын екінші, ал жүлделі үшінші орынды  Никколо Бонифацио (Италия, «Bahrain-Merida») иеленді. Астаналықтар сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен Пельо Бильбао бұл тізімде 33- орыннан табылды.

Ескере кететін тағы бір жәйт, италиялық шабандоз Вивиани биылғы «Джиро д’Италияда» осымен төртінші рет жеңіске жетіп отыр.Жалпы есепте әзірге британиялық Саймон Йейтс (Mitchelton-Scott) басқаларға дес берер емес. Супервелододаның былтырғы жеңімпазы Том Дюмулен (Team Sunweb) одан 56 секундқа артта  қалып келеді.

 

 

Л

Пікір жазыңыз