«Джиро д’Италия».19- кезең.  Фрум көш бастады

Көпкүндік супервелодода «Джиро д’Италияның»19 кезеңі  таулы жолдарды басып өтті.  Көмбе алдындағы бірінші категориялы асуды жалғыз  бағындырған әйгілі британиялық шабандоз Кристофер Фрум (Sky) мәреге бірінші келді, деп хабарлайды SportX.kz.

Осы күнге шейін міз бақпай келген  өте әккі  һәм айлакер Фрум , өз кезегін күтіп жүрген екен. Бүгін британиялық шабандоз «Бір оқпен екі қоянды атып алды». Айтайын дегеніміз  таулы кезеңдегі әдемі жеңістен кейін,  жалпы есепте де алға шығып үлгерді. 184 шақырымдық жарыс жолын екінші аяқтаған Ричард Карапас (Эквадор, Movistar) жеңімпазға 3 минут ұтылды.

«Астананың» лидері  Мигель Анхель Лопес (Колумбия) төртінші нәтиже көрсетті.

«Джиро д’Италия»

19-й кезең

Венария-Реале – Бардонеккья

184 км

Профиль/Карта 

1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) – 5.12,26
2. Ричард Карапас (Эквадор, Movistar) – 3,00
3. Тибо Пино (Франция, FDJ) – 3,07
4. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 3,12
5. Том Дюмолен (Голландия, Sunweb) – 3,23
6. Себастьян Райхенбах (Швейцария, Groupama – FDJ) – 6,13
7. Давиде Формоло (Италия, Bora-Hansgrohe) – 8,22
8. Сэм Оомен (Голландия, Sunweb) – 8,23
9. Патрик Конрад (Дания, Bora-Hansgrohe) –
10. Пейо Бильбао (Испания, «Астана»)

Жалпы есеп

1. Кристофер Фрум (Ұлыбритания, Sky) – 80.21,59
2. Том Дюмолен (Голландия, Sunweb) – 0,40
3. Тибо Пино (Франция, FDJ) – 4,17
4. Мигель Анхель Лопес (Колумбия, «Астана») – 4,57
5. Ричард Карапас (Эквадор, Movistar) – 5,44
6. Доменико Поццовиво (Италия, Bahrain Merida) – 8,03
7. Пейо Бильбао (Испания, «Астана») – 11,08
8. Патрик Конрад (Дания, Bora-Hansgrohe) – 12,19
9. Джордж Беннетт (Новая Зеландия, LottoNL-Jumbo) – 12,35
10. Сэм Оомен (Голландия, Sunweb) – 14,18

 

 

 

Пікір жазыңыз