Деревянченко -Джейкобс- Головкин (ВИДЕО)

28 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Осы  кештің орталық матчында спорт сүйер қауым көптен бері асыға күтіп жүрген жекпе-жекті қызықтайтын боламыз. Бұл бәсекеде  америкалық Даниэль Джейкобс пен украйналық Сергей Деревянченко IBF титулын сарапқа салады, деп хабарлайды SportX.kz  

Боксшылар қалыптасқан рәсім бойынша жекпе-жек алдында бетпе-бет жолығып, көз атысып одан әрі әрқайсысы өз жөнімен кете барды. Әдеттегідей өзара сөз таластырып немесе жаға жыртысқан жоқ.

5-шілде күні боксшылардың промоутерлері өзара саудаласып,олардың жеңіске жеткені телеканалдардан келіп түскен ұсыныстарды таңдайтын болған. .

Егер Джейкобс кездесуден бас тартқан жағдайда, IBF украйналық боксшыға басқа қарсылас табуға міндеттенген. Осылай болған жағдайда Деревянченконың матчтан түсетін қаржысы анағұрлым төмен болатын.

Бәрі дұрыс-ау. Бірақ осы орта салмақта біздің Головкин дәурен құрып тұрған кезде бір шикілік бар сияқты болып көрінетін. Сөздің шыны БАҚ көздері украйналық боксшы жайлы көп жаза бермейді. Мұхиттың арғы беті мен бергі бетінде, әсіресе Ресей мен Қазақстанда Головкин жайлы материалдар күн сайын шығып жатады. Әрине, Геннадийдің жеңістері соған тұрарлық. Дегенмен оның жолына қараған жерлестері, қарағандылық боксшыдан жылдар бойы айта жүретін  өзгеше бір жекпе-жекті күткен еді. Сөздің шыны бізге. Генаның салмағында өзімен күш жарыстыратын боксшы қалмағандай көрінетін. «Күш атасын танымас» дегендей,  мықтылар жетеді. Сондықтан Головкиннің  бойында күші бар кезде, мықтылардың -мықтыларымен кездескенін қалайтын жанкүйер көп. Содан болар соңғы кездері бокс сүйер қауым арасында Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегін іштей тілеп жүргендер өте көп. Олар алысқа көз жүгірте алатын һәм  бокс өнерін жақсы түсінетін жандар. Естеріңізге салсақ, Головкин IBF нұсқасы бойынша өзінің чемпиондық атағын қорғау үшін 3- тамыз күні Деревянченкомен кездесетін болған. Сол кезде украйналық боксшы осы белбеуден бірден-бір үміткер болатын.

Өкінішке орай сол тұста Сауль Альвареспен арадағы қарымта матчты көздеген жерлесіміз, айналып келгенде чемпиондық белбеуден айырылып тынды.  Егер,Кеңес бокс мектебінен сусындаған қос мықты сол жолы жұдырық түйістіргенде, қай мықтының бағы жанар еді деген сұрақ көпшілікті әлі күнге мазалайды.

Енді Джейкобс- Деревянченко арасындағы бәсекенің нәтижесін күтетін боламыз. Деревянченко тарапынан ешқандай мін жоқ, ол кез-келгенмен жекпе-жек өткізуге дайын. Күндердің күнінде Деревянченко мен Головкин  кездесіп жатса, қанеки. Екі боксшының штабы өзара келісім табатын болса, шешілмейтін мәселе жоқ. Бұл кездесуден ұйымдастырушы да  қос тарап пен көрермендер де ұтылмасы анық.

Пікір жазыңыз